"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ КЕЛДІ

 Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына ҚР Сауда және интеграция министрі А.А. Шаққалиев келіп, АЭА қатысушысы - "Азерсун логистика және өндіріс орталығы" ЖШС (жеміс-көкөніс және азық-түлік тауарларын сақтау қоймасы) қызметімен танысты. Құны 4,6 млрд. теңге болатын жоба 2016 жылы Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекет басшыларының қатысуымен іске қосылды. 2020 жылы қойма базасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сақтау бойынша тұрақтандыру қоры құрылды.


"Ақтау теңіз порты " АЭА" АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 100